8 Қараша 19:57

Карантинге бағынбаған клуб келушілері далаға қашты

Фото:

Алматыда карантин талабына бағынбаған клуб келушілері далаға қашты.

Алматы, NEGE. Алматыда түнгі уақытта 23 мекеме заңсыз жұмыс істеп келген. Жалпы қаладағы 21 мониторингтік топ сенбіден жексенбіге қараған түні 144 нысанның жұмысын тексерді. Оның 118-і  жабық болған. Яғни ережені бұзбаған. Ал карантин талаптарын сақтамағандары жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Медеу ауданындағы түнгі клубтың бірі мобильді топ келген кезде жұмыс істемей тұрғандай болып көрінген. Алайда полицейлер келгеннен кейін түнгі клуб әкімшілігі қақпаны ашуға мәжбүр болды. Ал оның ішінде болғандардың кейбірі есіктен сытылып шықса, кейбірі қоршауды бұзып жапа-тармағай қашқан. 

 Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзімбек: "Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жөніндегі арнайы топтың құрамына кіретін Медеу АПБ қызметкерлері «Бла бла» барының эпидемиологиялық және карантиндік шаралар тұрғысынан санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкестігін тексерді. Мекемеде өмір қызу жүріп жатты. Полиция басқармасына клиенттер ішінен 51 адам әкелінді. Олар ҚР ӘК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке  тартылды", - деді.

Тегтер: