19 Қазан 10:13

Карантиндік шектеулерді бұзған 90 дерек тіркелді

Фото:

  Соңғы екі тәулікте елордада карантиндік шектеулерді бұзу бойынша 90 дерек анықталды. 

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары мен санитарлық сала мамандары жұма мен сенбі күндері 400-ге тарта нысанды тексерген. Дәмхана, мейрамханаларда талаптар сақталмаған. Адамдар арасында арақашықтық жоқ. Музыканың даусы қатты шығып, жұрттың мазасын алған. Осындай бір ойын сауық орнына полиция өкілдері барып, карантинге қарамай би билеп, көңіл көтеріп жүрген бір топ адамды анықтады. Дәмхана қонақтары мен қызметкерлері әкімшілік жауапқа тартылды. 

Тегтер: