13 Тамыз 09:52

Карантинде жер үйде той жасаған

Фото:

 Жаңаөзенде үйінде үйлену тойын жасаған тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды. Карантин тәртібіне бағынбай, 40 адамды қонақ қылған кінәлі тұлға айыппұл төлеуі мүмкін.

Алматы, NEGE. Үй ауласына жиылған көпшілікті полиция тарқатты. Сөйтіп, үй иесіне хаттама толтырып, жинақталған деректерді өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолдаған. Облыстық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының м.а Әйгерім Ибадуллаева: "Жаңаөзен тұрғындары карантин тәртібін бұзуын тоқтатар емес. Той жасаған азаматқа ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Тойға шақырылған көпшілікке шектеу шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр" деді.

Тегтер: