3 Қараша 15:09

Карантин кезінде ұлына той жасаған әкім қызметінен босатылады

Фото:

Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісов қызметінен босатылатын болды.

Алматы, NEGE. 3 қарашада COVID-19-ды таратпау жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Тәтжан Өтемісовтың баласының үйлену тойының фактісі расталды ма деп сұрады.

"Мой город" басыдымы бұл сауалға БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев 9 қазан мен 9 қараша аралығында ауыл әкімі кезекті еңбек демалысында болғанын жеткізгенін хабарлады.

Бұл мәселеге қатысты арнайы тексеру жүргізілді. Тәтжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. Ол 10 қарашадан бастап қызметінен босатылады. Сонымен бірге, Тәтжан Өтемісовке карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Берік Батаев.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде той қонақтары түсірген үйлену тойындағы видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, бұл - Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлының тойы.

Тегтер: