Қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін?

04 мая, 10:24

Фото: ғаламтордан

Қаржы университетінің проректоры Александр Сафонов болашақта жоғалып кететін мамандықтарды атады.

 Алматы, NEGE. Ресей үкіметі жанындағы Қаржы университетінің проректоры Александр Сафонов «Российская газета» басылымына алдағы он жыл ішінде жоғалып кететін мамандықтар туралы айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сарапшының айтуынша, көлік жүргізушісі, атап айтқанда автобус жүргізушісі немесе метро жүргізушісі деген мамандықтар жойылуы мүмкін.

«Қазірдің өзінде көптеген елдер автопилот жүйелерін сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, метроны толық  автоматтандыруға болады. Тепловоз, электровоз, трамвай, троллейбус, автобустарды да осы жүйеге қосу мүмкіндігі бар. Егер осындай жағдай болып жатса, бұл мамандық өкілдері болашақта немен айналысатыны туралы ойластыруы қажет», – деді Сафонов.

Маман мысал ретінде әуе кемесінің экипажын келтірді. Егер бұрын экипаж бес адамнан құралса, қазіргі заманғы автоматика деңгейінде тек екі жұмысшы жеткілікті. Сафонов көп ұзамай ұшақты тек бір адам басқара алатынын болжады. Сарапшы бухгалтер мамандығы жоғалып кетпейтінін, алайда қатты өзгеретінін жеткізді.

«Бухгалтер шығындар мен кірістерді есептеуші ғана емес, шығыстардың тиімділігін бағалайтын адам. Ол аудитордың, салық кеңесшісінің орын алады», – деді Сафонов.

Сонымен бірге маман арнайы компьютерлік бағдарламалар бухгалтердің орнын алмастыра алмайтынын жеткізді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации