18 Сәуір 18:10

Індет жұқтырғандардың саны 1615-ке жетті

Фото:

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус бойынша еліміздегі сағат 17:25-тегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы облысына - 2, Шымкент қаласында - 1, Павлодар облысында - 1, Алматы қаласында - 1, Ақтөбе облысында – 2», - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 365 адам, Алматы қаласында – 505 адам, Қарағанды облысында - 89 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 76 адам, Жамбыл облысында - 58 адам, Шымкент қаласында - 58 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 41 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 18 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 39 адам, Түркістан облысында - 57 адам, Қостанай облысында - 9 адам, жалпы 1615 науқас тіркелді.

Тегтер: