14 Шілде 15:52

Генерал-майор Әмірбек Төгісов қайтыс болды

Фото:

Алматыда бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары, отставкадағы генерал-майор Әмірбек Төгісов қайтыс болды. Ақпаратты "Генералдар кеңесі" президиумі төрағасының орынбасары Махмут Телеғұсов растады.

Алматы, NEGE. "Ол бүгін таңда қалалық №12 ауруханада қайтыс болды", - деді Телеғұсов. 

Оның айтуынша, генерал-майор Төгісов коронавирус жұқтырған. 

Жерлеу рәсімі 15 шілдеде өтеді. Генерал-майор Кенсай зиратына жерленеді. 

Әмірбек Төгісов 90-жылдары Ішкі әскер қолбасшысының орынбасары, қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2000 жылы зейнетке шыққан. 

Тегтер: