18 Қазан 16:57

Ержан Бабақұмаров Алматыдағы діни бірлестік басшыларымен кездесті

Фото:

Ержан Бабақұмаров діни бірлестіктердің көшбасшыларына қала әкімінің атынан алғыс хат табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Алматыда әкімшілігі діни бірлестіктер көшбасшыларын Рухани келісім күнімен құттықтады. 18 қазан күні Қазақстан бойынша Рухани келісім күні аталып өтеді. Бұл мереке қала тұрғындарын ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісміді сақтуға және одан әрі дамытуға бағытталған. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Діни бірлестік көшбасшылары клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Орыс православ шіркеуінің, Рим-Католик шіркеуінің, Евангелшіл-христиан баптистердің өкілдері қатысты. Кездесу барысында рухани келісім саласындағы өзара байланыс, толеранттылық пен дәстүрлі құндылықтар мәселесі, сондай-ақ деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен кері байланысты күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әлі қаупі сейлмеген пандемия кезіндегі халықтың ауызбіршілікте болуына жеке тоқталып өтті. Өз кезегінде, Клуб мүшелері Рухани келісім күнінің ерекше маңыздылығын атап өте отырып, діни бірлестіктердің бұдан әрі жұмысына байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, Вознесен кафедралдық собордың ключары Александр Суворов және Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының бас викарийі Беднарски Ян Богумил қатысушыларды мерекемен құттықтап, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Шара барысында Ержан Бабақұмаров қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан клубтың бірқатар мүшелерін құттықай отырып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хат табыстады. Алматы қаласы дін істері басқармасының жанындағы ерікті консультативтік-кеңесші орган саналатын клуб өз қызметін 2017 жылы бастаған. Құрамында 30 жуық әртүрлі діни бірлестік бар. Клубтың мақсаты - дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Сондай-ақ, клуб мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына қатысады және діни сенім бостандығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс енгізе алады.

Тегтер: