30 Қыркүйек 14:25

Енді студенттердің кәсіптік тәжірибесі еңбек өтілі болып есептеледі

Фото:

Студенттердің дуалды жүйе бойынша оқып жүріп алған кәсіптік тәжірибесі жұмыс өтіліне қосылуы керек.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Әбдіманап Бектұрғанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Еңбек кодексінде мұндай норма бар болғанымен, студенттің жасаған жұмысын растайтын құжаттардың тізбесінде шарттың бұл түрі жоқ. Салдарынан жұмыс беруші болашақ қызметкерінің өндірістік тәжірибеден өткен уақытын еңбек өтілі ретінде санамайды. Сондай-ақ депутат грантта оқып жүрген барлық студенттер 3 жыл бойы мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу қажеттілігі туралы ұсыныс білдірді. Ал егер ол оқу мерзімінің тек бір бөлігін ғана бюджет есебінде өткізсе, сол оқуды еңбекпен өтеу уақыты да пропорционалды түрде қысқаруы тиіс. Аталмыш заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.

Тегтер: