18 Қараша 16:10

Елордадағы тұрғын үй кешенінде жезөкшелер притоны болған

Фото:

Елордада аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және әшкерелеуге бағытталған «STOP трафик» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғаушылар 4 жеңгетай мен интимдік қызмет көрсететін 36 қызды ұстады. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы (жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға үй-жай беру) және 449-бабымен (қоғамдық орында тиісу) 6 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Мәселен, полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы барысында 2 әйелді ұстады. Олардың бірі бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Күдіктілер 30 мыңге сыйақы үшін клиентке интимдік қызмет көрсететін қызды жеткізіп берген», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру, оны ұстау және жеңгетайлықпен айналысу күдігімен елорданың 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған азаматша 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға интимдік қызмет көрсететін қыздар мен клиенттерге жеңгетайлық жасап отырған.

Тегтер: