16 Ақпан 11:49

Елордада қызметкерлерді тағылымдамадан өткізуге бөлінген 22 млн теңге жымқырылған

Фото:

Елордада компания басшысы қызметкерлердің тағылымдамасына бөлінген 22 млн теңгеден астам соманы жымқырған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «Maxvidl» ЖШС басшысы А.Рақымовқа қатысты бюджет қаражатын жымқыру және мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды. Бұл фактіні агенттіктің елордалық экономикалық тергеу департаменті анықтады. «Аталмыш компания басшысы «Қазақстандық индустриялық даму институты» АҚ-на 2016 жылғы 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта Пермьде (РФ) «Поток-М» ЖШҚ-ның өндірістік цехтарында қызметкерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізу бойынша қызметтерін алғанын растайтын жалған құжаттарды ұсыну арқылы 22 миллион теңгеден астам сомадағы қаражатты жымқырған. Бұл қаражат еңбек өнімділігін арттыруға және аймақтық кластерлерді дамытуға арналған еді», делінген хабарламада. Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен А.Рақымов қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 4 жыл мерзімге индустриялық-инновациялық қызметпен айналысу құқығынан айырумен шартты түрде 3 жыл 9 ай тағайындалды.

Тегтер: