11 Мамыр 15:48

Елімізде азаматтығы жоқ 4 мың адам анықталған

Фото:
Бұл туралы  Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusisess.kz.

 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оның айтуынша елімізде БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі азаматтағы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша  кешенді кампания өткізуде. 

«Жоба 2020 жылдың қазан айында басталғалы бері елімізде 4 мыңнан аса азаматтығы жоқ тұлға тіркелді. Олардың тең жартысына құжаттарын рәсімдеу бойынша көмек көрсетілді. Қазақстан азаматтығы жоқ босқындарды анықтау және елдегі әр адамға құқықтық мәтебе беру бойынша жұмыстарды жалғастырады», – деді ІІМ ресми өкілі. 

Нұрділдә Ораздың айтуынша еліміздегі кешенді кампанияның аралық нәтижелерін Орта Азиядағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Ханс Фридрих Шоддер жоғары бағалаған. 

«6 айда 4 мыңнан аса азаматтығы жоқ адам анықталды. Яғни, осыған дейінгі 6 жылдағы көрсеткіштің жарстысынан көп. Бұл азаматтық қоғам мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижелері. Әлемде аталған мәселе әлі де өзекті. Себебі құқықтық мәртебесі жоқ азаматтар өте көп. Пандемия кезінде азаматтықтың болмауы денсаулық сақтау жүйесінен тыс қалуға алып келеді», – деді ІІМ ресми өкілі.

Тегтер: