7 Қазан 11:17

Елімізде 593 мың құс тұмаудан қырылды

Фото:

593 мың құс тұмаудан қырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бұл деректердің 308 мыңы құс фабрикаларында, қалғаны жеке шаруашылықтарда тіркелді. Қазір арнайы комиссия мүшелері нақты есеп жүргізіп, қорытындысын әзірлеп жатыр. Соған сәйкес өтемақы төленеді. Қазір тұмаудың өршуі бәсеңдеп, құс өлімі азайған. Министрліктегі мамандардың айтуынша, бұл жайт ішкі нарыққа ешқандай ықпал етпейді.  Мәселен, бір жұмыртқаның орташа бағасы 29,3 теңге. Бүгінгі күнде ведомство өкілдері өнімнің нарықтағы бағасын бақылауға алып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров: «Құс өнімі комиссия барып тексерген кезде, комиссияның құжаттарымен бекітілген болса, оларға төлемақы төленеді. Ал, комиссиясыз өзінше өртеп жіберген немесе өзінше көміп тастаған құстар, яғни дәлелдеген құжаттары болмаса, оларға төлемақы төленбейді», – деді.

Тегтер: