21 Сәуір 10:38

Екі мыңға жуық елордалық медицина қызметкері үстемеақы алды

Фото:

 Індетпен күресуге тікелей үлес қосып жүрген ақ халаттыларға үстемеақы тағайындауда жұмыс уақыты мен тәуекел деңгейі ескеріледі. 

Алматы, NEGE. Мәселен, наурыз айында 1 мың 893 елордалық медицина қызметкеріне жалпы 646 млн 300 мың теңге үстемеақы төленген. Отандық медицина қызметкерлеріне үстемеақы тағайындау жөніндегі комиссия жұмысы бүгінде тыңғылықты атқарылып жатыр. Инфекцияға қарсы шараларға тартылған сала мамандары 3 тәуекел тобына бөлінген. 1-топтағыларға 850 мың теңгеден, екіншісіне 425 мың және үшінші топқа 215 мың 500 теңгеден үстемақы төленеді.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова: "Инфекциялық, провизорлық, карантиндегі стационардың жұмыстардың тізіміне кіргізсе, олардың бәріне сол жұмыс істелінген уақытына сәйкес және тобына сәйкес үстемеақы төленді" деді. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы бастаған өтемақы тағайындау жөніндегі комиссия құрамына Сенім денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіподағының өкілдері де кіреді.

Тегтер: