26 Мамыр 15:14

Екі әріптесін қағып өлтірген экс-полицей бұған дейін де сотты болған

Фото:
Екі әріптесінің өліміне күдікті Алматыдағы экс-полицей Азат Азаматов бұған дейін де

жол-көлік оқиғасы ісі бойынша сотты болған.
Алматы, NEGE . «2017 жылдың 24 сәуірі күні сағат шамамен 11.45-те Peugeot м/н 580 KP 02А. көлігін айдаған А.Т.Азаматов Гоголь көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Абдуллиндер көшесінің қиылысында ҚР ЖҚЕ 10 тарауы 1 тармағын бұза отырып, көлік рөлін басқара алмай И.А.Клочкова айдап келе жатқан Toyota маркалы м/н 715 VYA 02 көлік құралына соққан. Ол Абдуллиндер көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарына мехникалық зақым және материалдық залал келтірілген. Осылайша, Алматы ІІД ЖППП КБ инспекторы полиция аға лейтенанты А.З.Алтыбаев ҚР ЖҚЕ 10 тарауы 1 тармағының бұзылғандығы туралы А.Т.Азаматовқа қатысты ҚР ӘҚбК 610 бабы 1 бөлімі бойынша (адамдардың денсаулығына зиян келтіру, көлік құралдарына немесе басқа да мүлікке зақым келтіру) әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама толтырған», - делінген 2017 жылғы 17 мамырдағы Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысында.
Құжатта атап өтілгендей, «соттың өтетін күні туралы тиісті түрде хабардар етілген А.Т.Азаматов сотқа келмеген, келмеу себебін айтпаған, істі қарау күнін кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген, соған байланысты ӘҚб ҚРК 744 бабы 2 бөлімі негізінде істің Алматыда мамандандырылған ауданарлық әкімшілк сотында қаралатыны туралы хабардар етілгенін ескере отырып, сот істі оның қатысуынсыз қарауға болады деп санайды».
Сонымен қатар, сот Азаматовты ЖКО-ға кінәлі емес деп танып, «әкімшілік құқықбұзушылықтың орын алуына ықпал еткен ЖКО-ны тексеру және себептері мен жағдайларын анықтау кезінде дәлелдерге тиісті баға берілмеген деп саналып, сәйкесінше жеке тұлғаның кінәлігі дұрыс анықталмаған» деген уәжбен жауапкершілікті Клочковаға жапқан.
«ӘҚб ҚРК 741 бабы 1 бөлімі 2 тармағы негізінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауы салдарынан Азаматов Азат Талғатұлына қатысты ӘҚб ҚРК 610 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндіріс тоқтатылсын. Азат Талғатұлы Азаматовқа берілген жүргізуші куәлігі (...) қаулы заңды күшіне енгеннен кейін иесіне қайтарылсын», - делінген судья Пакирданованың қаулысында.
Еске салсақ, бұған дейін екі полиция қызметкері қайтыс болған, үшіншісі ауыр жарақат алған Алматыдағы блокбекеттердің бірінде болған жол апатына құқыққорғау органдарында бұрын қызметте болған Азат Азаматов кінәлі болуы мүмкін деген нұсқа пайда болған еді. Полиция автомобиліне соққан BMW көлігінің рөлінде мас күйде сол адамның отырғаны хабарланған еді. Дегенмен Алматы ПД аталмыш нұсқаны растамады. Кейін адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға кінәлі болуы мүмкін күдіктінің полиция формасындағы суреті де жарыққа шықты, алайда Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек «бұл форманы «Военторгте» сатып алып, екінің бірі кие алады», деп мәлімдеді. Алайда кейін Азаматовтың полицияда жұмыс жасағандағы туралы жаңа деректер пайда болды.
26 мамырда Алматы ПД Азаматовтың алты жыл полицияда жұмыс жасап, төрт рет тәртіптік жаза алып, «өз міндетіне немқұрайлы қарағаны үшін» қызметінен қуылғанын растады.

Тегтер: