13 Қыркүйек 13:20

Дүкеннен қымбат сағат ұрлап кеткен

Фото:

Электроникалық дүкенге келген 26 жастағы жігіт витринадан қымбат смарт-сағатты ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Белый ветер» электроника дүкеніне келген жас жігіт сатушының жоқтығын пайдаланып, витринадан құны 230 мың теңгелік «Apple watch» смарт-сағатын ұрлап кеткен. Осыдан кейін кедергісіз дүкеннен шығып, із суытып кеткен. «Полиция қызметкерлері 26 жастағы елорда тұрғынын ұстады», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен. Қолсағат ұрлаған жас жігіт осылайша бірнеше сағаттың ішінде ұсталды. Кінәсін мойындаған айыпкер қымбат гаджетті дүкенге қайтарып берді. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша айыпқа тартылған. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Тегтер: