29 Қазан 12:06

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды

Фото:

29 қазанда Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюповтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Алдын-ала ақпарат бойынша, параның мөлшері, шамамен 7 миллион теңге.

"Мой город" порталының хабарлауынша, облыстың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Каюповқа қатысты тергеу басталды деген сыбыс көптен бері айтылып келеді. 7 қыркүйекте "Мой Город" редакциясы мән-жайды түсіндіру үшін ресми органға сауал жолдады. Ол кезде редакция сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан жоқ деп жауап берілген еді.

- Басқарамада қадағалаушы органдар КВИ-мен күресу шараларына бағытталған қаражатты бөлуге қатысты жоспарлы тексеру жүргізіп жатыр. Болатбек Каюповқа қандай да бір күдік келтірілмеген, - деді олар сауалға берген жауапта.

Басқарманың баспасөз қызметінен басшылары туралы сұрағанда, олар ештеңе білмейтінін айтқан, ал ол кезде Болатбек Каюпов орнында болмаған.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, бірақ кез-келген ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін атап өткен еді.

Еске сала кетелік, 12 наурызда Болатбек Каюпов Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Тегтер: