12 Наурыз 12:47

Демалыс күндері сауда орталықтары жабылады

Фото:

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жабылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 10 наурыздағы қаулысында айтылған.

Алматы, NEGE. Құжатта сенбі және жексенбі күні сауда және ойын-сауық орталықтары, спорт кешендері, фитнес-орталықтар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар қызметіне тыйым салынғаны айтылған. Ашық базарлардың сенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Жаңа қаулы Алматы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа ауысқаннан кейін жарияланды.

Тегтер: