5 Тамыз 12:03

Дәрігерлер ақша жымқырған ба?

Фото:

Әлеуметтік желіде отыратын біраз жұрттың дәрігерлерге өкпесі қара қазандай. «Медициналық көмекке мұқтаж болмасақ та, бәзбіреулер бізді дәрігерлердің қабылдауына жазып қойған», дейді олар.

Алматы, NEGE. Мұны тұрғындар Damumed мобильді қосымшасынан анықтапты. Мұндай әккі әрекетке кім баруы мүмкін? Киберқауіпсіздікке жауапты мамандар «мұны дәрігерлердің өздері жасауы мүмкін» дегенді айтып қалды. Бұл қалай?

 "Биыл ақпан айында бір рет ПАП-тест тапсырғанмын. Мобильді қосымшадағы жазбаға сенсем, мен ай сайын сол ПАП-тест тапсырып жүрген науқасқа ұқсаймын. Осы күнге дейін ПАП-тест тапсырып келгенмін. Бұл не масқара?" дейді  Эльвира Бекзадина. 

Мәжіліс төрағасының орынбасары үн қатып үлгерді.  "Бұрын Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті мұндай мәселелерді қатаң қадағалайтын. Ал, қазір Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қору қызметіне салғырт қарайды. Олардың қызметкерлері көп, басшылары министрден 2 есе көп айлық алады. Сөйте тұра, бұл істі тексеруге енжар" деген Владимир Божко. 

Мобильді қосымша арқылы дәрігердің қарауына жазылады, жоспарлы ем қабылдай алады, жедел жәрдем шақыруға мүмкіндік бар. Жазбалар автоматты түрде беріледі. Жүйеде ақау болуы мүмкін емес. Шынында, жүйе істен шықса, байланыс тетіктері жойылып кетер еді. Сонда мұны дәрігерлердің өздері жасап отыр ма? Қайдам, ақ халаттылар мұндай қадамға бара қоймас. Бірақ киберқауіпсіздікке жауапты мамандар бұл күдікті растап бергендей болды.

Кибершауылды зерттеу және сараптау орталығының директоры Арман Әбдірасылов: "Науқас адам емханаға келіп, дәрігерге көрінді делік. Содан кейін емхана басшылығы Денсаулық сақтау министрлігіне «осынша адам қабылдадық» деп есеп береді" деді.

Ал, министрліктен оларға ақша бөлінеді. Қай емхана науқасты көп қабылдаса, соларға көбірек ақша беріледі. Меніңше, мұны дәрігерлердің өздері әдейі жасауы мүмкін. Қалай болғанда да, бұл ақша жымқырудың астыртын амалы сияқты. Жемқорлармен күресіп жүрген агенттік қызметкерлері осы мәселені қаперге алатын шығар. 

Тегтер: