11 Сәуір 10:39

Чилиде 74 млн жыл бұрын өмір сүрген жануардың сүйегі табылды

Фото:

Чилидің оңтүстігінде қазба жұмыстары кезінде ғылымға беймәлім жаңа сүтқоректінің сүйектері табылды.

Алматы, NEGE. Ғалымдардың пайымдауынша, жануар шамамен 74 миллион жыл бұрын тіршілік еткен. Оған «оретериум тзен» деген ат берілді. Мамандар «ол кезде өңірдің климаты ылғал болса керек» дейді. Сондықтан мұнда түрлі жануарлар мекендеген болуы мүмкін. Осы ретте ғалымдар аймақта қазба жұмыстарын жалғастыруға ниетті. Олар әлі көп олжаға тап боламыз деп отыр. 

Тегтер: