17 Тамыз 09:03

Бүгіннен бастап карантиндік шектеулер жеңілдеді

Фото:

Елімізде бүгіннен бастап карантин шаралары жеңілдейді.

Алматы, NEGE. Қазақстанда бүгіннен бастап карантиндік шектеулер жеңілдеді. Мысалы, елордадағы қоғамдық көліктер бүгіннен бастап таңғы 6-дан 22:00-ге дейін жүреді. Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша автобустарда жолаушыларға арналған орындар ғана толуы тиіс. Қоғамдық орындар мен қоғамдық көлікте бетперде киіп жүру міндет. Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Ал азық-түлік және өзге де тауар сататын базарлар 10-нан 17.00-ге дейін ашық. 9-дан 23:00-ге дейін мейрамхана, дәмхана, асхана сынды қоғамдық тамақтану орындарына бара аласыз. Бастысы, ғимараттағы меймандар саны 30 адамнан аспауға тиіс. Құзырлы органдар санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайтын болады.

Тегтер: