16 Қыркүйек 10:30

Бүгін жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Фото:
«16 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 16 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.


Алматы, NEGE. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Күндіз 16 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с. Атырау қ.: күндіз 16 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.
«Күндіз 16 қыркүйекте Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл соғады, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Ақтауда күндіз 16 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады», - деді сарапшылар.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Өскеменде күндіз 15-20 м/с жел күтіледі. Семейде күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - деді метеорологтар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Күндіз 16, тәулік бойы 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 16-17 қыркүйекте кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 16-17 қыркүйекте найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 16, түнде 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі», - деп жазды баспасөз қызметінен.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«16 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«16 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 16 қыркүйекте күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 16 қыркүйекте күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Тегтер: