5 Қараша 09:18

Бүгін ауа райы қандай?

Фото:

Қазгидромет кәсіпорны бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек, еліміздің батысы, солтүстігі және шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болып, бірқатар аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 18 метр жылдамдықпен ұйтқиды, көктайғақ болады. Ақмола, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Тегтер: