21 Сәуір 16:52

Британдық штамм сынамалардың 78 пайызында анықталды

Фото:

Алматыда талданған сынамалардың 56 пайызында коронавирус штамның мутациясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаңа штамдардың пайда болуымен күрделенді. Мегаполистегі аранайы зертханада талданған үлгілердің 56% -нан мутация анықталды. Эпидемиологтардың ПТР зерттеулері бойынша британдық штамм талданған сынамалардың 78 пайызында табылды», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар, ол соңғы бір ай ішінде амбулаториялық емделушілердің саны артқанын жеткізді. Қалада барлығы 7011 төсек- орын дайындалған. Қазір оның 58% бос емес. Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша Алматыда 667 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 574-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 93 -і симптомсыз ауырған.

Тегтер: