30 Маусым 16:42

Болат Назарбаевтың әйелі қайтыс болды

Фото:

Елбасының інісі Болат Назарбавтың әйелі Назарбаева Гүлжан Әбішкеліні қайтыс болды. 

Алматы, NEGE. Әбіш ата мешіті, Әлжан Ана атындағы қыздар медресесінің жетекшісі Айша хажы Гүлжан Назарбаеваның қазасы жайлы Facebook парақшасында жазды.

"Сұм ажал бүгін тағы да бір жақсы жанды ортамыздан жұлып әкетті... Ол - Назарбаева Гүлжан Әбішкеліні. Елбасымның туған бауыры Бөкеңнің бәйбішесі, ГН сапа белгісінің иесі Үшқоңыр баурайындағы Шамалған ауылында Шұбарат атты мейрамхана ашып, бүкіл ағайын ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған меймандарды қабақ шытпай қарсы алатын, бәрінің қас-қабағын айтпай танып, шамасынша айналасындағыларға көмек-жәрдем беретін сынық мінезді, сырбаз көңілді, кең пейілді абзал жан еді...", - деді ол.

Тегтер: