30 Сәуір 16:15

Біртанов тесттің бағасына қатысты сынға жауап берді

Фото:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа тапсырылатын тесттің қымбат болуына қатысты пікір білдірді. 

Алматы, NEGE. Айта кетейік, енді кез келген жолаушы ұшаққа мінер алдында міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі. Facebook қолданушысы Вера Захарчук тестінің бағасына наразылық білдірді. 

"Неге мен ӘМСҚ қатысушысы ретінде осы қордағы ақшама коронавирусқа тест тапсыра алмаймын? Мемлекеттік клиникаларды бұл сараптаманы тапсырудың бағасы - 11 500 теңге, ал жекеменшік клиникаларда 20 мың теңгеге жетеді", - деп жазған Вера Захарчук.

Ол ӘМСҚ қатысушыларына COVID-19-ға сараптаманы тегін тапсыра алатындай мүмкіндік беруді сұрады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтың бұл өтінішіне Facebook желісіндегі парақшасында жауап берді. Министрдің айтуынша, бұл аса қымбат емес. 

Ол үшін бюджеттен 2,8 миллиард теңгенің бөлінгенін айтып өтті. Біртанов эпидемияның аяқталмағанын, дегенмен экономиканы кезең-кезеңмен жандандыру керегін айтты.

Тегтер: