23 Қараша 12:19

Бір аптада 40 мың адам жол ережесін бұзды

Фото:

 ҚР Ішкі істер министрлігі өткен аптада жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын қорытындылады. 

Алматы, NEGE. «Жол қозғалысын қадағалау барысында 40 577 тәртіп бұзу фактісі, оның ішінде 340 автокөлікті мас күйінде басқару, 3 564 – жылдамдықты шамадан тыс арттыру, 126 – жолдың қарсы бетіне шығып кету, 836 – бағдаршамның тыйым салу белгісіне қарамай өтіп кету болды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте. 239 жүргізуші темір жол бөлігінен өту тәртібін бұзған, ал жаяу жүргіншілер арасында 5 921 ереже бұзушылығы анықталды. «Оған қоса, 701 қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны анықталды. Шара барысында 2 864 шақырым жол қауіпті учаске анықталды, 426 жол белгісі қойылды», - дейді ресми өкіл. Айта кетейік, 26 қараша күні ҚР Ішкі істер министрлігі, аумақтық органдар мен ішкі істер бөлімшелері және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері алғаш рет «ZOOM» платформасы арқылы азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді.

Тегтер: