9 Қараша 11:54

Бір аптада 155 заңбұзушылық анықталды

Фото:

Кибер қылмысқа қарсы күрес қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу шараларын өткізді. «Өткен аптада Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу шараларын өткізді. Бұл шаралар киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтан ескерту, оларды әшкерелеуге бағытталған. Операция жүргізілген бірнеше күннің ішінде осы жағдайлар бойынша 155 заңбұзушылық тіркелді», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша бұрын жасалған 161 қылмыстың беті ашылған. Олардың көбі интернет-алаяқтыққа қатысты оқиғалар. «Еркін айналымнан тыйым салынған мыңға тарта өнім тәркіленді. Олардың қатарында контракфактты дискілер, жазба жүргізуге арналған техникалық құрылғылар, лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары бар», - деді ол.

Тегтер: