2 Маусым 14:37

Биыл 1 млн 220 мың адам жұмыспен қамтылады

Фото:

 ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндап берді. 

Алматы, NEGE. Б.Нұрымбетов атап өткендей, коронавирус пандемиясына қатысты жарияланған төтенше жағдай шеңберінде, сөзсіз, еңбек нарығындағы жағдай  екінші тоқсанда күрделі болды. Наурыз-сәуір айларында жұмыссыз, табыссыз қалған азаматтар саны 4 млн асқан. 20 сәуірден бастап карантин шектеулерін жеңілдету шараларына байланысты, нысандардың кезең-кезеңмен жұмысқа кірісе бастауының ықпалымен бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға төмендеді. «Үкімет тарапынан экономиканы жаңғырту, оның ішінде жұмыспен қамтуға баса назар аудару шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, нәтижесінде, жыл аяғында жұмыссыздық деңгейі 6,1% болуы ықтимал. Бұл ретте ол биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланғанын айтты. «Оған экономиканы, бизнесті қолдау шараларының барынша жұмыс орындарын сақтап қалу мүмкіндігі және барлық мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті толығымен пайдаланылады», — деді Біржан Нұрымбетов. Оның ішінде жаңа «Жұмыспен қамтудың жол қартасы» аясында 255 мың жұмыс орыны құрылмақ. Бүгінде Жол картасына кірген 6,5 мың жобаның 5,3 мың жобасы басталып, 103 мың жұмыс орны ашылды, 91 мың адам тартылды. Оның 35% - жастар. Жол картасы бойынша жұмыстар қарқыны маусым айынан бастап тиісті деңгейде орын алады. Б.Нұрымбетов атап өткендей, Жол картасын іске асырудың жан-жақты әлеуметтік–экономикалық оң әсері бар. Жобаларға қатысатын 255 мың адам 210 млрд теңге сомасына жалақы мен әлеуметтік төлемдер алады. Ол өз кезегінде 1 млн жуық адамның табысына әсер етеді.  Жол картасы аясында отандық кәсіпорындарға 700 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетіледі, 23 мыңнан астам орта және шағын бизнес субъектілері тапсырыс алып, кемінде мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалады. Сонымен қатар болашақта халықтың игілігіне тиетін, әлеуметтік актив болып қалатын 615 жаңа нысан құрылысы іске асрылып, халықтың өмір сүру сапасына қатысты көптеген әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне әкеледі.

Тегтер: