21 Қазан 12:03

Баласын 1 млн теңгеге сатпақ болған бойжеткен сотталды

Фото:

2020 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық істің беті ашылған еді. 

Алматы, NEGE. 1993 жылы туылған Назгуль Есенова өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 000 000 теңгеге жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілген, деп хабарлайды zakon.kz Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында, аталған азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінді.

Күдіктіге «үйқамақ» түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылып, ағымдағы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды.

2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған аудан аралық сотымен аталған азаматша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.

Тегтер: