29 Қыркүйек 16:14

Бағаны өсірген дәріхананың лицензиясы тоқтатылды

Фото:

Алматыда фармацевтикалық қызмет ережелері мен дәрі-дәрмектердің айналымы саласын бұзғаны үшін бір дәріхана жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында фармацевтикалық қызметпен айналысатын ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған «A» ЖШС осы жылы дәрі-дәрмекті белгіленген шекті бағасынан бірнеше рет асырып сатқан. Серіктестік ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған препараттың сауда атауының шекті бағаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығын бұза отырып, «Кардиомагнил» №100 препаратының 150 мг 2115 теңге бағасымен сатқан. Бұл факті 2020 жылғы 28 шілдедегі рейдтік тексеру кезінде анықталды», - делінген хабарламада. «A» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 426-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, фармацевтикалық қызметтік лицензиясын 1 ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Тегтер: