13 Қыркүйек 15:17

Азық-түлік дүкенін әдейі өртеп жіберген

Фото:

Шымкент полицейлері қала тұрғынының азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Оқиға 7 қыркүйек түнгі уақытта орын алған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін арнайы затпен өртеп жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Өрт нәтижесінде дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келтірілді. Осы факті бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

Тегтер: