4 Маусым 08:33

Әзербайжанда бір тәулікте 5 адам қайтыс болды

Фото:

Әзербайжанда коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 5 адам қайтыс болып, індетті жұқтырудың жаңадан 325 жағдайы анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Алматы, NEGE. Әзербайжан Үкіметі жанындағы шұғыл штабтың мәліметінше, онымен бір мезгілде бір тәулікте коронавирустан 40 адам жазылып шықты, 96 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды, 17 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Бүгінге дейін елде барлығы 6260 науқас тіркелді. Қайтыс болды – 76, жазылды – 3665 адам. 2519 науқас ем-домын жалғастыруда. Инфекцияны жұқтыру оқиғаларының жартысынан көбі Бакуде анықталды.

Тегтер: