26 Сәуір 18:59

Аудан әкімдері вакцина салдырды

Фото:

Қызылорда облысында аудан әкімдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Алматы, NEGE. Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев «Спутник V» вакцинасын салдырды.

«Ауданда вакциналау жұмыстары басталғанда ресейлік екпенің І типтік дозасын салдырдым. Өзінің тәртібі бойынша екінші кезеңі арада 20 күн өткеннен кейін басталып отыр. Осы уақыт аралығында вакцинаның теріс әсері болған жоқ. Сондықтан бұл қауіпті індетке қарсы тұру үшін екпе салдырып, денсаулығымызды нығайтуымыз керек», – деді Талғат Дүйсебаев.

16 сәуірде Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды.

Сондай-ақ, вакцина салдырған азаматтар қатарында аудандық мәслихат хатшысы Базарбай Төрахметов, облыстық мәслихаттың депутаты Еркебұлан Аяғанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Арал ауданы бойынша бөлімшесінің директоры Н.Ембергенова және білім саласының қызметкерлері бар.

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ал аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, аудан әкімінің орынбасарлары Дархан Тұрсынбаев, Ердулла Сұлтанбеков, аудан әкімдігі аппаратының басшысы Бақтияр Ахметов те осы қатардан табылды.

Сондай-ақ, Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков қатерлі індетке қарсы қарсы екпе қабылдады.

Тегтер: