18 Мамыр 17:33

Атырауда мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директор жазаланды

Фото:

Атырауда мектеп мұғалімдерін кәсіптік міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқан директор жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау, NEGE. Бұған дейін әлеуметтік желіде М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің директоры педагогтерді кәсіптік міндетімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартты деген жазба тараған еді. Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған мектептің директорына тәртіптік шара қолданылған.

«Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті әлеуметтік желідегі арызға қатысты тексеріс жүргізуде. Жағдай қатаң бақылауда болады», - деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева.

Оның айтуынша, М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектепте 2020 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Алайда, мердігер мекемеге дұрыс атқарылмаған жұмыстарға қатысты кепілдік мерзімі кезеңінде қалпына келтіру туралы хат жолданған.

Тегтер: