9 Шілде 10:49

Атырауда дәріханалар сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді

Фото:

Атырауда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб тұрғындар ұсынысын ескерусіз қалдырмайды.

Алматы, NEGE. Облыс әкім Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, өңірлік жедел штабқа 3 тәулік ішінде көптеген ұсыныс пен сұрақ түскен. «Штабқа түскен сауалдарға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері кешкі сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды. Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмысына тыйым салынды. Тұрғын үйлер маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.   

Тегтер: