29 Қыркүйек 15:25

Атақты дәрігер Ерік Байжүнісов үйқамаққа алынды

Фото:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы қызметі дәрігер Ерік Байжүнісовтің үйқамаққа алынғанын хабарлайды.  

Алматы, NEGE. Ерік Байжүнісов бұрын денсаулық сақтау вице-министрі болған. Ал, жуырда ғана, 2020 жылдың төртінші тамызында ол «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының» бас директоры қызметіне тағайындалған.  

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікпен Ерік Байжүнісовті үйқамаққа алды. Қазір қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, обьективті зерттеуге арналған тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Ерік Байжүнісов хирург, ол Алматының мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында да жұмыс істеген. Осы қордың басшылығы да қазір сыбайлес жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің назарына іліккен

Тегтер: