27 Қараша 11:49

Арман Шораев: «Qazaq» деген сөзді қорламаңыздар

Фото:

Қоғам белсендісі Арман Шораев «QAZAQ» деген сөздің қор болып жатқандығын айтып, әлеуметтік желіге видео жариялады. 

Алматы, NEGE. Нақтырақ айтсақ, Шораев «Qazaq TV» телеарнасының болашағына алаңдаушылық білдірген. 

«Qazaq TV» – мемлекеттік телеарна. Оның жұмысына жыл сайын бюджеттен бірнеше миллиард теңге жұмсалады. «Qazaq» деген әдемі атауы бар. Бірақ, 3-4 ай болды, сол телеарнаны тегін көрсетілімнен мүлдем алып тастады. Оның орнына «Мир» деген ресейдің телекомпаниясын енгізді. 24 сағат бойы орыс тілінде шүлдірлейді», – деді Арман Шораев.

Белсенді аталған видео арқылы өз ойын айтып, жауапты тұлғаларға үндеу жариялады. 

«Аида Балаева ханымға сұрақ қойғым келеді. Аида ханым, сіздер мына «Qazaq TV» деген атауды «Малай ТВ»-ге ауыстырасыздар ма немесе өзіңіз басқаратын Ақпарат министрлігін Қазақстан Республикасында Ресейдің ақпаратын, Ресейдің саясатын тарататын министрлік деп өзгертесіздер ме? Әйтеуір, не істесеңіздер де «Qazaq» деген телеарна атауында бар сөзді бекерге қорламаңыздар», – дейді А.Шораев.

Тегтер: