16 Қыркүйек 13:15

Аңшылар енді лицензияны электронды түрде алатын болды

Фото:

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылар лицензиясын беру және жануарлар әлемінің нысандарын алуға квоталар бөлу бойынша қызметтерді іске қосты.

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылық шаруашылықтың субъектілері мен аңшылар қоғамдық бірлестігінің республикалық қауымдастығы»  және Балық шаруашылықтары қауымдастығымен бірлесіп eGov порталында бекітілген лимиттер негізінде аңшылар лицензиясын беру және жануарлар әлемінің нысандарын алуға квоталар бөлу бойынша қызметтерді іске қосты, – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұдан бөлек Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзетілетін аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттіліктеріне рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру қызметі іске қосылуда.

Тегтер: