26 Сәуір 18:36

Ана мен бала өлімі: Бас дәрігер жұмыстан кетті

Фото:

Алматы облысының Панфилов аудандық ауруханасының бас дәрігері Төлеу Сарпеков өз еркімен жұмыстан кетті.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді.

«Панфилов аудандық ауруханасының бас дәрігері Төлеу Сарпеков өз еркімен денсаулығына байланысты жұмыстан кетті», – деді Ө. Ниязбеков.

Басқарма басшысының айтуынша, Сарпековтың жұмыстан кетуіне жақында болған ана мен бала өлімінің қатысы жоқ.

«Ана мен бала өліміне байланысты сараптама қорытындысы әлі шыққан жоқ», – деді Ө. Ниязбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын, яғни сәуір айында Жаркент перзентханасында ана мен бала көз жұмды.

Үшінші баласын босануы тиіс болған Жанар Баратовадан қан тоқтамай, жас келіншек көз жұмды.

Ал осыдан 10 ай бұрын ғана дәл осы перзентханаға босануға барған Балнұр есімді келіншек сәбиімен бірге қайтыс болды.

Тегтер: