18 Сәуір 19:20

«Алтын белгі» ережесі өзгере ме?

Фото:

«Алтын белгі» ережелері өзгеріссіз қалады, – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. 2017 жылдан бастап ҰБТ-да "Алтын белгіні" растау талап етілмейді. 5-11-сыныптар аралығында барлық пән бойынша қорытынды жылдық бағасы "5" болса және бітіру аттестаттау емтихандарын үздік тапсырса, жеткілікті, - делінген ҚР БҒМ-нің телеграм каналында. 

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқыту түріне ауысуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сондықтан, "Алтын белгі" жылдық қорытынды бағаларының негізінде беріледі. 

"Алтын белгі" алуға 7 444 түлек үміткер. 

 

 

 

Тегтер: