29 Қазан 11:59

Алматы-Өскемен тас жолы қашан ашылады?

Фото:

 Биыл Алматы-Өскемен тас жолының Шығыс Қазақстан облысындағы бөлігінде қозғалыс ашыла бастайды.

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, қарашаның 25-не дейін 458 шақырымның 75 проценті жаңалануы тиіс. Қалған жұмыстар күрделі болғандықтан, келесі жылға қалады. Алайда Үржар, Аягөз ауданының тұрғындары айналма жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтып, шағымданып отыр. 

Алматы-Өскемен тас жолының транзиттік әлеуеті өз алдына, Үржар, Аягөз аудандарының 150 мыңнан астам тұрғыны осы жолмен күнделікті қатынайды. Былтыр басталған жұмыстардың сапасына жолаушылардың өкпе-реніші көп. Жолдар өте нашар, көлігіміз салдыр-гүлдір етіп жиі сынып жатқаны. Жарма ауданы мен Таскескен ауылына дейінгі 194 шақырым жолды қайта жаңғыртып жатқан жауапты мекеме жетекшісінің айтуынша, жыл басында аздаған кедергілер болғанмен, қазір жұмыс қалыпты атқарылып жатыр.

Тегтер: