Алматыға көшіп келген Қайрат Нұртасқа көршілері шағымданды

19 апреля, 13:05

Фото: ғаламтордан

Қайрат Нұртастың басынан дау арылмады. Оның үстінен алматылықтар шағым жазып жіберіпті. Әнші жуырда сатып алған дүңкиген дәу көлігін Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен адамдарға тиесілі орынға қойып кете береді екен.

Алматы, NEGE. Жұрт VIP нөмірлеріне қарап-ақ, көлік иелері Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекова екенін біліп қойды.

Тұрғындардың айтуынша, бұлар бұрыннан сөйтіп келеді екен. Қайраттың су жаңа Lexus LX 570 көлік алғаны құрсын, мәшинесін біздің орнымызға қоятын болды, дейді олар.

Қайрат Нұртас өткенде тойдан қашқан еді. Қала билігі оған айыппұл салып жіберген болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации