29 Қыркүйек 12:59

Алматыда тергеу кезінде терезеден секірген ер адамның туыстары оқиғаны баяндады

Фото:

Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің терезесінен құлаған ер адамның туыстары оқиғаның қалай болғанына өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды "Время".

Марқұмның әпкесі Гауһар Қоныспаева мен оның әкесі Сапарқали Қоныспаев қайғылы оқиға болған жерге басылым журналисімен келген. Олар Ерлан Қоныспаевтың қайда құлағанын нақты білмейді. Туыстары Экономикалық тергеу департаменті ғимаратының маныңдағы тротуардың бір бөлігі құммен себілгенін айтады.

Әкесінің айтуынша, Ерлан өзінің фирмасының мәселесі бойынша сонда шақырылған. Ерлан Қоныспаев әкесінің фирмасында атқарушы директор қызметін атқарған.

"Менің БҒМ Ғылым комитетінен қой жүнін өңдеудің инновациялық тәсілін әзірлеуге грант алған компаниям бар. Мен өзімді ондаған жыл бойы осы тақырыпқа арнадым. 2018 жылы комитет азаматтық тәртіпте берілген ақшаны өндіріп алу үшін сотқа жүгінді, біз қарызды жайлап төлеп жатырмыз. Кеткен барлық шығынды біз дәлелдедік: жабдық сатып алынды, адамдар жалақы алды, бухгалтерия. Бірақ 2020 жылдың жазында пандемия кезінде тергеуші маған қоңырау шала бастады "жауап беруге келіңіз, біз ұрлықты тексереміз" деді, - дейді Сапарқали Қоныспаев.

Әпкесінің айтуынша, тергеушілер ата-анасы пневмониямен ауырған кезде қоңырау шала бастаған. Осы уақытта Ерлан оларды емдеп жатқан болатын, өйткені ата-анамыз ол кезде үйде жатты дейді әпкесі.

"Мен Францияда тұратындықтан отбасыма дәрі-дәрмек жібердім. Әрине, сол кезде бұл тергеуге ешкім мән берген жоқ, өйткені біздің қолымызда күшіне енген сот шешімі бар, ол арқылы біз ақшаны мемлекетке қайтарамыз дедік. Егер бұл азаматтық-құқықтық қатынастар болса, қандай ұрлық болуы мүмкін? Ғылыми ортадағы адамдар біздің отбасымыз жақсы біледі: әкем бүкіл өмірін ғылымға берді, ол профессор, ғылым докторы; жасы мен ауруына қарамастан, ол сабақ беруді жалғастырып жатыр. Анам да педагог, ғылым кандидаты, мен Еуропада оқыдым, Ерлан Францияда білім алды. Ия, ол үш жыл темір тордың ар жағында болған. Ол 51 миллион теңге ұрлаған делінді, ол кзеде оның өз баспанасы, тіпті автокөлігі де болмаған еді", - дейді Гауһар Қоныспаева.

Тергеушінің кабинетінде не болғанын марқұмның туыстары білмейді.

Ерлан Қонысбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алайда оны кім тергейтіні әлі белгісіз. Полиция материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берген, ал олар істі прокуратураға қайтарған.

"Бізде құқық қорғау органдарына сенім жоқ. Істі бір ведомстводан екінші ведомствоға береді. Сонда ешкім бұл іспен айналысқысы келмей ме? Біз тек әділ тергеу жұмыстарын қалаймыз", - деді Сапарқали Қоныспаев.

Еске салайық, 22 қыркүйекте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған Ерлан Қоныспаев ұсталған кезде Экономикалық тергеу департаменті ғимаратының бесінші қабатындағы терезеден секіріп кеткен болатын. 

Тегтер: