12 Қараша 18:44

Алматыда қашан қар жауады?

Фото:

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК орталығы. 

Алматы, NEGE. Болжам бойынша, Алматыда алғашқы қысқы жауын-шашын ертең, 13 қарашада түседі.

«Фронтальды бөліктердің шиеленісуіне байланысты Алматы облысы мен Алматыда 13 қарашаға қараған түні қар жауады. Күндіз кей жерлерде жауын-шашын болады. 14 қарашада күндіз кей жерлерде жауын-шашын түсіп, қар жауады. 15 қарашада түнде кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отырмыз», – деді синоптик Дәулет Қисебаев.

Синоптиктің айтуынша, бұл биылғы Алматыда жауатын алғашқы қалың қар болмақ.

Тегтер: