9 Сәуір 14:12

Алматыда эпиджағдай нашар 

Фото:

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілген қызметкердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді.

Алматы,  NEGE. Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады, деп хабарлады департамент.

"Эпидемия басталғаннан бері 9 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтарған 39 655 жағдайы тіркелді, 2021 жылдың наурызында 9 525 жағдай, соңғы тәулікте 717 адам тіркелді. Тәуліктік өсім 1,8. Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш, алдыңғы 7 күндегі 215,2-ге қарағанда R = 1,132", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Алматыда коронавирус жұқтырғандар санының көбеюі ең алдымен COVID-19 мутацияланған штамдарының таралуына байланысты.

"Қазіргі уақытта Алматыда індеттің үшінші толқыны жүріп жатыр. Эпидемияның алғашқы толқыны кезінде аурудың шыңы 2020 жылдың шілдесінде - 6 372 жағдай болды. 2020 жылдың қазанында басталған екінші толқынның шыңы 2021 жылдың қаңтарында тіркелді - 3 607 жағдай. Үшінші толқын наурыз айында басталды, коронавирус инфекцияның мутацияланған штамдарына байланысты, 1 наурыздан бастап 14 582 жағдай тіркелген".

Бір жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегінің көбейгені байқалады. Бірақ бұл ретте жасөспірімдер арасындағы жағдайлар саны төмендеген.

Тегтер: