18 Қыркүйек 13:14

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүре ме?

Фото:

Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 19-20 қыркүйекте қоғамдық көлік жүреді.

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, қалада тұрғындардың өтініші бойынша, қыркүйек айы басталғалы қоғамдық көлік, оның ішінде метро кестеге сәйкес жұмыс істей бастады.

Тегтер: