21 Қазан 14:55

Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады

Фото:

Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады.

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жағдай Бұқтырма көшесінің Құлжа тасжолы қиылысындағы жол айрығының салынуымен байланысты.

"2020 жылғы 25 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға баратын жол жабылады. Қозғалыс Рысқұлов даңғылы, Шемякин және Майлин көшелерімен жүргізіледі", - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, іргелес көшелердегі қозғалыс бұрынғы тәртіп бойынша қала береді.

Тегтер: