5 Қазан 14:37

Алматыда 7 оқушы коронавирус жұқтырған

Фото:

Қыркүйек айында Алматыда 7 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Алматы, NEGE. Қыркүйек айында мектеп оқушылары арасында КВИ ауруының 7 жағдайы тіркелді, олардың барлығы - қашықтықтан оқитын оқушылар. сондықтан бұл арада эпидемиялық байланыс жоқ, - деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.

Эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. 4 оқушы ауруды жақын адамдарынан инфекция жұқтырғаны анықталды, 2 оқушы ЖРВИ белгілерімен емдеу мекемелерінің көмегіне жүгінген кезде, бір оқушы - бронх демікпесімен санаторий-курорттық емделу алдындағы профилактикалық тексеру кезінде анықталды.

Балабақшалардағы балалар арасында қыркүйек айында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары болған жоқ.

Тегтер: