24 Наурыз 13:10

Алматы: Соңғы тіркелген науқастардың жағдайы қалай?

Фото:

Алматыда коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскен 29 адамның екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Coronavirus2020.kz сайты. 

Алматы, NEGE. Бүгін коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы белгілі болды. Олардың біріншісі - 1985 жылғы ер адам, ол 19 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. Екінші науқас басқа науқастан жұқтырған, ол Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екені айтылады.

"Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында 29 науқас жатыр. Олардың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, қалғандарының жағдайы - қанағаттанарлық" делінген хабарламада.

Тегтер: